Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызға ұқсаған қыз болуы керек еді": Айдарбекова тұңғыш немересіне жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова немерелерімен
Гүлзира Айдарбекова немерелерімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде тұң,ыш немересі Сезім Қайратқызына жантебірентерлік жазба арнап, оның дүниеге келген кезін еске алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айдарбекова алғаш рет немерелі болған кезі туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Айтуынша, ол перзентханаға барғанда келінімен амандасуды ұмытып, бірден немересін көруге асыққан.

Оған қоса продюсер тұңғыш немересі анасы Жұлдызға қатты ұқсау керек деп күткен екен. Алайда шын мәнінде олай болмай қалған.

"Сол күнгі қуанышымызда шек болған жоқ, атасы мені құшақтап аспанға жас балаша секірді. Сосын ұйықтап жатқан Қайратқа жүгіріп барып, қуаныштан айқайлап оятқанда Қайрат ұйқылы ояу шошып тұрды. Екеуіміз киіне сала перзентханаға зуылдап жетіп бардық. Жеткен күйде үстімізге халатты іле сала жылдамдықты күшейтіп, туфлиімнің дыбысы бүкіл бөлмеге естілетіндей күйде келемін. Түрім суық.

Жұлдызға жалт қарадым, амандаспастан бөпемізге жетіп бардым да, жылдам жаялықтарын ашып жатқанымды көріп, медбикелер де6 келінім де аң-таң. Сондағы бар ойым - 12 мүшесі сау ма, түрі кімге ұқсайды. Бәрі дұрыс, тек мен күткен қыз әппақ, көзі танадай Жұлдызға ұқсаған қыз болуы керек еді. Көзі сығырайған қап-қара қыз жатыр. Сасқанымнан Жұлдызға қарап, "неге саған ұқсамаған" деп жалт қараппын. Содан кейін барып келінімді сүйіп құттықтап, бәріне сүйінші таратып, немеремді иіскеп мәре-сәре болдық", - деп еске алды продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054778-zuldyzga-uqsagan-qyz-boluy-kerek-edi-aidarbekova-tungys-nemeresine-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel