Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай әнін әлемдік классикамен синтездейтін виртуоз-пианист әлемнің ең үлкен сахнасында өнер көрсеткісі келетінін айтты (видео)

Опубликовано:

Алияр Өтетілеу
Алияр Өтетілеу. Видеодан кадр: "Таңшолпан" бағдарламасы

Қазақстандық танымал виртуоз-пианист Алияр Өтетілеу Абай әнін әлемдік классикамен синтездейді. Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында өзі жайлы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кішкентайымнан музыкалық қабілетім білінді. Үйімізде фортепиано тұратын. 4-5 жасымда бастадым. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектепке түстім. Сосын консерватория оқыдым. Кейін магистратурасын оқыдым. Білім алғаныма жиырма жылға жуықтады", - деді Алияр Өтетілеу.

Сонымен қатар виртуоз-пианист Карнеги-Холлда концерт бергісі келетінін айтты.

"Романтизм, Шопеннің лирикасы жаныма жақын. Еңбектің арқасында шабыт та, табыс та келеді. Музыкант болғаннан кейін әлемнің ең үлкен сахнасында өнер көрсеткім келеді. Карнеги-Холлда концерт берсем, арманым болмас еді", - деді Алияр Өтетілеу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054792-abai-anin-alemdik-klassikamen-sintezdeitin-virtuoz-pianist-alemnin-en-ulken-saxnasynda-oner-korsetkisi-keletinin-aitty-video/

pixel