Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева перзентханадан шықты (видео)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева отбасымен
Алтынай Жорабаева отбасымен. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше күн бұрын бесінші перзентін өмірге әкелді. Өнер иесі қызы екеуін күйеуінің перзентханадан қалай күтіп алғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алла ұлық! Қуанышымызды бөлісіп келген туғандарымызға, құрбы-құрдастарымызға мың алғыс айтамын. Амина қызымыз дүниеге келгелі, ақ тілегін жаудырып жатқандарға Алла разы болсын", - деп жазды Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Ханшайымның бауы берік болсын", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды көпшілікке Гүлнұр Оразымбетова жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054882-besinsi-sabiin-duniege-akelgen-altynai-zorabaeva-perzentxanadan-syqty-video/

pixel