Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдалыққа дайындық": Бидің түбін түсірген Жанболат Ербатыровқа ел риза болды (видео)

Опубликовано:

Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира ұлының шаңырақ көтергенін асыға күтуде. Ерлі-зайыпты тіпті қалың көпшілікке болашақта құдаларымен қалай билейтінін көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында күйеуі билеп жатқан видеосын жариялап, елді тәнті етті. Өнер иесінің сөзінше, жолдасы құдаларымен билеуге барынша дайындалып жүр.

Бейнежазбадан Жанболат Ербатыровтың ортаға кіре сала, бидің түбін түсіргенін көруге болады.

"Жәкең ұлым үйленсе құдалармен осылай билеймін дейді", - деп жазып қойды видео астына Байырбекова.

Желі қолданушылары Ербатыровтың ақкөңілділігіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген. Кейбір оқырмандар жұлдызды жұппен құда болуға ниетті екенін де жазды.

"Керемет, құдалыққа дайындық", "Дұрыс, тойға осы бастан дайындалу керек", "Жанболат аға сондай ақкөңіл екені көрініп тұр", "Айтқандарыңыз келсін. Ұлыңыз үйленіп, 40 күн ойын, 40 күн тойын жасаңыздар", "Жазира ханым сізбен құдағи болайық", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054947-qudalyqqa-daiyndyq-bidin-tubin-tusirgen-zanbolat-erbatyrovqa-el-riza-boldy-video/

pixel