Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығармашылық тоқырауға ұшырадым": Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралатынын айтты

Опубликовано:

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков. Фото: Instagram/tuntekov_k

Танымал әнші Қайрат Түнтеков соңғы жылдары тыңдарман көзінен тыс қалды. Өнер иесі "Saltanat Live" бағдарламасында өнер әлемінен алыстап кету себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол Алматыдан көшіп кеткен.

"Соңғы уақытта Шымкентке көшіп келдім. Алматыда бірнеше жыл тұрдым ғой. Әр түрлі жағдайлар болды. Шығармашылық тоқырауға ұшырадым. Өзімнің кәсібім де болды. Бірақ карантин кезінде жабылып қалды.

Жалпы Шымкенттемін. Осы қаңтар айынан бастап шығармашылыққа қайта кірісемін. "Ораламын" деп айтып жүремін де, экраннан көрінбей кетемін. Оның себебі көп. Өзімді тастай салдым. Сонымен жұмысым да жүрмей қалды. Әр тыңдарманыма "Осы жылы оралам" деп айтамын", - деді Қайрат Түнтеков.

Айта кетейік, Қайрат Түнтеков көпшілікке SuperStarKZ жобасы арқылы халыққа танылған болатын.

2020 жылы әншінің қызы өмірге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054998-qairat-tuntekov-saxnadan-nege-korinbei-ketti/

pixel