Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінді Дильназ Ахмадиева елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева желіде жаңа образдағы суретін жариялап, көпшілікке мінсіз мүсінін паш етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

43 жастағы әнші ерекше образын Instagram парақшасында көрсеткен. Өнер иесі "Синергия "атты жаңа туындысының жарыққа шығуына орай фотосессия жасаған екен.

"Махаббатпен жасалған", - деп жазған әртіс фотоның астында.

Желі қолданушылары Дильназ Ахмадиеваның дене сымбатына тәнті болып, оған түрлі пікір білдірген.

"Сөз жоқ. Фигурасы тым бөлек", "Мінсіз мүсінді ару, нағыз қуыршақ секілді", "Өртсөндіргіш қажет. Мына сурет өртеп жатыр", "Дильназ 30 жыл бұрында дәл осындай сұлу еді", "Көрікті", "Дене сымбатына тәнтімін. Босанған соң тез-ақ қалпына келіп алды", "Ел мақтанарлық жан. Фотосессия от болыпты", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055019-ortsondirgis-qazet-minsiz-musindi-dilnaz-axmadieva-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel