"Ең әдемі жүкті әйел болар ем": Жұлдыз Әбдікәрімова желі қолданушыларын ойландырып қойды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа суретін жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Өнер иесі көпшіліктен аталмыш фотодан не байқаған сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде жаңа суретін паш етіп, оқырмандарына сұрақ қойды. Ол желі қолданушыларының не байқағанын білмек болған.
Алайда көпшілік аталмыш фотоға қарап, актрисаның жүкті екенін болжап жаза бастады.
"Суреттен ішіңізді байқадым", "Аяғыңыз ауыр сияқты", "Жүктісіз ба", - деп жазды оқырмандар.
Өнер иесі бұл болжамдарға қатысты жауап беріп, елді ойландырып қойды.
"Сіз айтқандай болса, ең әдемі жүкті болар ем. Жүктілік - әйел өміріндегі ең керемет сәт", - деп жазды актриса.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055129-en-ademi-zukti-bolar-em-zuldyz-abdikarimova-zeli-qoldanusylaryn-oilandyryp-qoidy-foto/