jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Алғаш рет босанған ана сияқтымын": Бесінші сәбиін дүниеге әкелген Жорабаева қазіргі жағдайын айтты

    Алтынай Жорабаева отбасымен
    Алтынай Жорабаева отбасымен. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

    Бірер күн бұрын бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева көпшілікті қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, өзінің қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алтынай Жорабаева Instagram желісінде сұрақ-жауап ашып, оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап берді. Желі қолданушыларының көбі әншінің қалай босанғанын білмек болған.

    "Біраз сұрақтар келіпті. Неше түрлісі бар екен. Жалпы жүктілікке дейін де, жүктілік уақытында да дәрумендер қабылдап жүрдім. Алла қалауымен өзім босандым. Әрине, адамнан адам шығу оңай емес. Әсіресе толғақ қиын", - деді өнер иесі.

    Сондай-ақ эстрада жұлдызы бесінші сәбиін босанса да, алғаш рет ана атанып жатқандай сезімде екенін алға тартты.

    "Көркемімді 13 жыл бұрын босанған едім. Аминамен алғаш рет босанған ана сияқты болып жүрмін. Бәрін басынан үйреніп жатырмын", - деп жазды Жорабаева.

    Алтынай Жорабаеваның Stories-i
    Алтынай Жорабаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/altynaizhorabayeva

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.