Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шүмегін салып, жабуын жапты": Ерке Есмахан ұлын бесікке салды (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Былтыр қараша айында екінші сәбиін дүниеге әкелген Ерке Есмахан көпшілікке қуанышын бөлісті. Әнші Instagram парақшасында ұлын бесікке салғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық.

Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жапты. "Тыштымасын" жасап, бәріміз "Бесік жырын" айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары Ерке мен Раимның бұл қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.

"Бесігі құтты болсын", "Сәбидің ұйқысы тыныш болсын", "Сәби аңсаған әр отбасыға жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында Ерке Есмахан екінші сәбиін өмірге әкелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055432-erke-esmaxan-ulyn-besikke-saldy-foto/

pixel