Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сара Тоқтамысова қызының тұсауын кесіп, ұлын сүндеттеді (фото, видео)

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова отбасымен
Сара Тоқтамысова отбасымен. Фото: instagram.com/sarkanai

Ақын Сара Тоқтамысова қызы Сүйкімдінің тұсауын кесіп, ұлын сүндеттеді. Айтыскер қызының тұсауын Бейбіт Сейдуәлиеваға кестірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос қуанышының естелігін айтыскер Instagram парақшасында жариялады.

"Ал, танысып қойыңыздар, Есілқызы Сүйкімді. Жолдасым екеуіміз Меккеге барып, Қағбаны айналып, алақанымызды жайып, Алладан тілеп алған қызымыз ғой. Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Сүйкімдінің тұсауын әнші Бейбіт Сейдуәлиева кескен. Ал осыдан кейін Сара Тоқтамысова әншіге бағалы сыйлық тарту етіп, оның жолдасы Тоқтар Серікке шапан жапты.

"Қызым, бүгін тұсауыңды кесіп, көптің батасын алдық. Осы атаулы күні анаңның ақжарма тілегін қабыл ал.

Қызым, жолың ақ болсын! Жамандық саған жат болсын! Ешкімнің ала жібін аттама! Арың бәрінен де биік болсын! Ағаларыңның ары бол! Әкеңнің бағы бол! Анаңның сырласы бол! Бастысы, қазақтың беткеұстар қызы бол!

Иманың берік һәм таза болсын! Абыройың биік болсын! Денің сау болсын! Өмірің мәнді де, сәнді болсын! Сүйкімді деп жүзіңді ғана емес, мінезің мен ісіңді айтсын. Өзіңе халқымның көңілі толсын! Лайым "Қазақ қызы" деген атқа лайық бол! Ең бірінші ұстанымың осы болсын, қызым", - деп айтыскер қызына тілек арнады.

Ал айтыскердің ұлын сүндет тойда мейрамхана ортасына әнші Айдар Тұрғанбек алып шыққан.

"Алтын сақам осылай шықты. Аттан түспе, балам! Тақта отыратын жігіт бол! Еңсең биік болсын! Айдаржан, құрметіңе көп рақмет", - деп жазды Тоқтамысова.

Айта кетейік, желі қолданушылары айтыскердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін арнады.

"Той құтты болсын", "Керемет өтіпті", "Баршаға жұғысты болсын", "Өзім тойда отырғандай болдым", "Бейбіт тамаша ана, адал жар ғой. Тұсауын кескені дұрыс болыпты", "Құлыншақтың қадамы құтты болсын", - деп пікір білдірді желідегілер.

Еске сала кетейік, былтыр Сара Тоқтамысова екі ұлдан кейін қызын дүниеге әкелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055455-sara-toqtamysova-qyzynyn-tusauyn-kesip-ulyn-sundettedi-foto-video/

pixel