Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жете алмай қалдым": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке арналған асқа неге қатыспаған

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтың туған күні қарсаңында еске алу асын берді. Алайда өнер иесінің өзі белгілі себептермен асқа қатыса алмай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова кеше, 14 қаңтарда Қарағанды қаласында күйеуі Заманбек Нұрқаділов пен әкесі Мухамедьяр Жүнісовтың рухына құран бағыштап, ас берді.

Алайда эстрада жұлдызының өзі бұл асқа қатыса алмаған. Өнер иесі оның себебін Instagram парақшасында түсіндірді. Сөзінше, әнші ауа райы қолайсыздығына байланысты Астанадан Қарағанды қаласына жете алмаған.

"Ниетімді қабыл етсін, өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын. Әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым. Бүгін Зәкең бар болса 80 жасты тойлар едік. Әттең бір қанішердің құрбаны болып кеттіңіз. Соларды таппайынша, халыққа көрсетіп естіртпейінше сіздің рухыңыз тынышталмайтынын мен жақсы білемін Зәке. Алла енді сол күнді де естіп, көруді нәсіп еткейсің" , – деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055492-zete-almai-qaldym-maqpal-zunisova-zamanbek-nurqadilovke-arnalgan-asqa-nege-qatyspagan/

pixel