Режиссер Қуаныш Бейсековтің қызы өмірге келді (фото)
Жарияланған күні:
"Дәстүр" фильмін түсірген қазақстандық режиссер Қуаныш Бейсековтің тұңғышы өмірге келді.Ол Instagram парақшасында жаңа туған қызымен түскен суретін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Режиссердің мәліметінше, ол қызына Ғайнижамал есімін қойған.
"Қош келдің, Ғайнижамал Бейсек", - деп жазды ол.
Айта кетейік, "Ирина Қайратовна" бейнебаяндарына режисерлік еткен Қуаныш Бейсеков пен актриса Ғазиза Тілеубай мұсылманша неке қидырған болатын.
Ал былтыр қарашада режиссердің жұбайы аяғы ауыр екенін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055501-rezisser-quanys-beisekovtin-qyzy-omirge-keldi-foto/