Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирина Қайратовна" тобының бұрынғы режиссері отбасындағы қуанышын бөлісті

Опубликовано:

Ғазиза-Таңшолпан Тлеубай
Ғазиза-Таңшолпан Тлеубай: Instagram/ gazizaaz

"Ирина Қайратовна" тобының бұрынғы режиссері Қуаныш Бейсековке тұрмысқа шыққан актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай аяғы ауыр екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуаныш Бейсеков пен Ғазиза-Таңшолпан Тілеубайдың отбасындағы қуанышты жаңалық жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Актриса өз парақшасында ішін көрсетіп түскен суреттерін бөліскен.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, ақ тілегін жолдаған.

"Құтты болсын, сіздер үшін қуаныштымыз", " Өте сұлусыз", "Қуаныш сияқты ақылды да парасатты бала келсін өмірге. Әкесінен оза тусын", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, "Ирина Қайратовна" тобының бұрынғы режиссері әке атанып отыр, Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай екінші перзентін дүниеге әкеліп отыр. Актрисаның бірінші некесінен ұлы бар.

Бейсеков пен Тілеубай биылғы сәуір айында мешітте ақ некесін қидырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050808-aktrisa-gaziza-tansolpan-tleubai-ekinsi-sabiin-kutip-zur-foto/

pixel