Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келінімен жарысып": Өмірқұл Айниязовтың отбасылық суреті желіде сынға қалды

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов отбасымен
Өмірқұл Айниязов отбасымен: Instagram/omirkul_ainiyazov

Белгілі дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов желіде отбасылық суретін жариялап, елдің сынына ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өмірқұл Айниязов ерекше отбасылық суретін Instagram парақшасында жария еткен. Әнші келіншегі, ұлы мен келінімен бірге арнайы фотосессия жасаған. Қызығы, фотодан енесі мен келіні де ішін ұстап тұрғанын көруге болады.

"Бұл енді қалжың сурет. Негізі келінмен жарысып туған енеге қалай қарайсыздар? Фотоға ат қояйық", - деп жазды әнші.

Айниязовтар әулетінің суреті желіде қызу талқыға түсті. Бірі әншіге қолдау білдірсе, енді бірі оның жазбасын сынға алған.

"Осындай ерсі нәрселерді ұнатпаймын", "Алла бергенді шүкірмен қабыл ету керек. Сын мен мін іздеушілер бітпейді", "Онда тұрған не бар? Құдай осы жасқа келгенде берді. 20 жылдық арманы ғой, несі бар", " Өмеке сіз айтатын әңгіме емес қой. Ата мен келін арақашықтық сақталуы керек", "Жарысып туған ұят емес, бірақ ер басыңызбен мынадай фото салған ерсілеу", "Арақашықтық болу керек. Ұят деген ұғым тағы бар. Салт-дәстүр деген тағы бар. Келін келін, ата аталығын білген жөн", "Бұның еш әбестігі жоқ. Алла берерін тауыспасын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055514-kelinimen-zarysyp-omirqul-ainiyazovtyn-otbasylyq-sureti-zelide-synga-qaldy/

pixel