Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Серік Ибрагимовтың үшінші перзенті дүниеге келді (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов отбасымен
Серік Ибрагимов отбасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ibragimovserik

Әнші Серік Ибрагимов жақында жұбайымен бірге үшінші сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға сансыз шүкір. Менің үшінші балам дүниеге келді. Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым. Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық", - деп жазды әнші.

Ал желі қооданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Ғұмырлы болсын", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Серік Ибрагимов әйелімен бірге гендер-пати өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055679-ansi-serik-ibragimovtyn-usinsi-perzenti-duniege-keldi-video/

pixel