Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сары қызға ешкім жоламасын": әнші Жеңіс Сейдолла әйелімен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Жеңіс Сейдолла жұбайымен
Жеңіс Сейдолла жұбайымен. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші Жеңіс Сейдолла әйелін бірінші курсқа түскен кезінде көргенін айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында жұбайын бір көргеннен ұнатқанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйелім Алманы бірінші курсқа оқуға түскен кезде көргем. Ол кезде мен мейрамханада ән саламын. Түнде жұмыстан шыққанда, курстас жігіттер келіп, "Бірінші курсқа қыздар келіпті. Барып таныспаймыз ба?" деді.

Алманы бір көргеннен ұнаттым. Аяқ-қолы балғадай болатын. Содан жатақханадан шығып бара жатып, "Мына сары қызға ешкім жоламасын" деп айтып қойдым.

Содан арасында бөлмесіне бас сұғып, "Мына қыз қайда?" деп жанындағылардан сұраймын. Олар "Сабақта шығар"дейді олар. "Жарайды, сәлем айтыңдар. Ол менің болашақ қатыным ғой" деп кетем. Сөйтсем, Алма "Болашақ қатыным" дегенім үшін бұлқан-талқан боп ашуланып, "Қандай қатын? Оңбаған... Неге олай айтады?" деп ұрысады екен", - деді әнші.

Сонымен қатар Жеңіс Сейдолла әйелінің өнерін отбасылық өмірге айырбастағанын айтты.

"Алма анамның көңілінен шықты. Көрген кезде бірден бас бармағын шошайтып, "Мынауский" екен деді.

1990 жылдардың басында алмағайып заман болды. Екеуіміз де кетіп қалсақ, балаға кім қарайды? Алма "Сен ақыры кірістің ғой. Мен бала бағайын" деді. Бала-шаға тәрбиесінде болды. Ол шешіміне өкінбейді", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055711-sary-qyzga-eskim-zolamasyn-ansi-zenis-seidolla-aielimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/

pixel