Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен қалайтын дүние емес": блогер Фариза Төреәлі әкесінің сыйлығын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі әкесі тарту еткен қымбат сыйлықты көрсетті. Алайда желі жұлдызы мұндай бағалы сыйлықтарға өзі аса қызықпайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі әкесінің сыйлығын Instagram парақшасында көпшілікке көрсетті. Белгілі болғандай, Төреәлі Төлепов жақында ана атанған қызына аса қымбат тұратын көлік нөмірін сыйлаған.

Алайда блогер ару бұндай дүниелерге қызықпайтынын алға тартып, өмірлік құндылықтары мүлдем басқа екенін айтты.

"Әдемі көлік, қымбат нөмермен жүру – мен қалайтын, қызығатын табиғатымдағы дүние емес. "Тіпті менде сондай болса екен" деп армандамағанмын. Бала күнімнен құндылықтарым басқа. Бірақ дүниеге қызықпасам да, олар мені тауып алады. Жүректен дүниені алып тастасаң, Алла өзі-ақ оларды артыңнан жүгіртіп қояды екен.

Фокусым әрдайым басқа нәрселерде, бірақ ойламаған тіпті армандамаған дүниелерге ие болып жатамын. Солай, ойда жоқта папамнан нөмер сыйлық болды. Дархан екеумізге бірдей нөмер сыйлады. Екеуміз мәз болдық, күтпеген жерден. Маған ұнады. Қалада көріп қалсаңыздар, белгі беріңіздер. Мен де "вип казашка" боп жүретін болдым", – деп жазды блогер. 

Фариза Төреәлінің Stories-i
Фариза Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/farizatoreali

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055734-men-qalaityn-dunie-emes-bloger-fariza-toreali-akesinin-syilygyn-korsetti-foto/

pixel