Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Роза Рымбаеваның бұрынғы суреттері пайда болды (фото)

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/elarna_tv

Танымал әнші, Халық әртісі Роза Рымбаеваның әлеуметтік желіде жас кезіндегі суреттері пайда болды. Әншінің отбасылық естеліктері EL ARNA Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның жас кезі мен кішкентай Әлидің суреттері", - деп жазылды арнаның Instagram парақшасында.

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/elarna_tv

Суреттерден бесікте жатқан Әли Оқапов пен оны тербетіп отырған Роза Рымбаеваны көруге болады.

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
Роза Рымбаева мен Әли Оқапов. Фото: instagram.com/elarna_tv

Сонымен қатар Әли Оқаповтың желшешек ауруын жұқтырып алған сәті де естелік ретінде суретке түсірілген.

Айта кетейік, Роза Қуанышқызы 1957 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Ол кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор, актриса. Роза Рымбаева - Қазақстанның халық әртісі және халықаралық конкурстардың лауреаты. "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақсатнның халық әртісі атанды.

Өнер иесінің екі ұлы бар. Бүгінде әншінің тұңғышы Әли Оқапов шаңырақ көтеріп, Роза Рымбаева былтыр немерелі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055759-zelide-roza-rymbaevanyn-zas-kezindegi-suretteri-paida-boldy-foto/

pixel