Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыттан басы айналды деген осы": Абай Бегейдің отбасылық видеосы елді сүйсінтті

Опубликовано:

Абай Бегей отбасымен
Абай Бегей отбасымен. Фото: Instagram/abai_begei

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей желіде ерекше отбасылық видеоны жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі жанұясымен түскен бейнежазбаны Instagram парақшасында жария еткен. Онда әншінің көлік жүргізіп келе жатып, келіншегінің қолын ұстап отырғанын көруге болады.

Ерлі-зайыптының махаббатқа толы ерекше сәтін әртістің қыздары түсіріп алған.

"Бақыттымыз. Шүкір", - деп жазып қойған Сымбат Абайқызы видео астына.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның бейнежазбасына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.

"Бақыттан басы айналды деген осы. Абай аға, бақытыңыз баянды болғай", "Ең үздік жанұя номинациясын сіздерге беру керек", "Сондай берекелі, бірлігі мол отбасы екені көрініп-ақ тұр", "Қандай керемет жұп. Абай аға күн сайын жасарып бара жатыр", "Алла тіл -көзден сақтасын сіздерді. Сондай керемет, үлгілі отбасы", "Қыздары керемет, әкесінің екінші келіншегін анасындай қабылдады", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055779-baqyttan-basy-ainaldy-degen-osy-abai-begeidin-otbasylyq-videosy-eldi-suisintti/

pixel