Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрмысқа шығасыз ба": Айгүл Иманбаева жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Актриса Айгүл Иманбаева желіде жазба жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды. Өнер иесі Instagram парақшасында жағымды жаңалығы барын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жуырда жағымды жаңалық. Не деп ойлайсыздар?", - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Ал желі қолданушылары әр түрлі болжам жасап, желіде жарыса пікір қалдырды.

"Келін түсіру", "Бізге қандай жаңалық болса да, бәрібір ғой", "Жаңа ән шығар", "Жаңа бейнебаян ба?", "Келініңіз құтты болсын", "Тұрмысқа шығасыз ба?", "Шетелде жаңа кино түсіресіз", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалықты айтып қойған болатын.

"Қазір оның отбасында жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ұлы үйленіп, келін алды. Бірақ әкесі дүниеден озғаннан кейін халыққа жариялаған жоқ. Бұйыртса, тойлардың бәрі алда. Айгүл сіңілімдей болып кеткен ғой. Екеуміз бірге оқығанбыз. Ата-аналарымыз да араласты. Содан бері жақын болып кеттік", - деді әнші "Қызықты weekend" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055793-turmysqa-sygasyz-ba-aigul-imanbaeva-zazbasymen-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy/