Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіз барда еңсем биік": Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әкесіне әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова әкесімен
Жұлдыз Әбдікәрімова әкесімен. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әкесін туған күнімен ерекше құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі асқар тауы әкесіне Instagram парақшасында ақ тілегін жолдап, көпшілікке оның қандай адам екенін айтып берген.

"Сіз барда еңсем биік! Әкем мен үшін тау тұлға. Қыз баласы үшін олай болуы - қалыпты заңдылық. Өмірді кеше келе, осы жасқа жеткенде әкемнің әр әрекетінде тәрбие болғанын түсініп келем. Бір ғана мысал айтайыншы, бала күнімнен әкемнің бос сөйлегенін көрген емеспін. Дастархан басында, үйде, қонаққа барғанда, мейман келгенде қандай жағдай да болсын айтқан әңгімесі жүйелі, саналы, ұлтжанды болатын. Сол әдеп әлі күнге жалғасуда. Ешқашан ұсақталмаған екен.

Менің әкем ғылым саласында. Ол дегеніңіз біздің отбасымызда жүйе, мақсат, талпыныс пен еңбек бірінші орында болды. Өзімді қыз баласы деп, бетімнен қақпады. Бірақ қатал көзқарасының өзі жеткілікті болатын. Менің әкем осындай", - деп жазды Әбдікәрімова.

Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасының астына күйеуі Қайрат Нұртас та пікір білдірді. Эстрада жұлдызы да қайын атасы туған күнімен құттықтап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055899-siz-barda-ensem-biik-zuldyz-abdikarimova-zelide-akesine-aserli-zazba-arnady/

pixel