Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабырлы, көнбіс бөпе": Алтынай Жорабаева қызы кімге тартқанын айтты

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева отбасымен
Алтынай Жорабаева отбасымен. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Жақында бесінші перзентін дүниеге әкелген әнші Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі жағдайын айтты. Өнер иесі қалың көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева қазіргі уақытта барынша күтініп, тезірек қалыпқа келуге тырысып жатқанын айтты. Өнер иесі дәрумендер қабылдап, денсаулығына аса жіті мән беруде.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы Instagram парақшасында көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Әнші кенже қызы кімге көбірек ұқсағанын айтты.

"Осы құрмадан артық тамақ, дәрумен жоқ-ау. Аминамыз омырауды да емеді, қоспаны да қабылдайды. Жаным ғой. Әкесі сияқты сабырлы, көнбіс бөпе өзі" - деп жазды Жорабаева.

Алтынай Жорабаеваның Stories-i
Алтынай Жорабаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/altynaizhorabayeva

Оған қоса өнер иесі перзентханадан шыққан бойда өзін түрлі бағдарламаларға шақырып жатқанын жеткізді.

"Мені радио мен телеарналарға шақырып жатыр. Қазір тым болмаса, 40 күн күтінейін. Әлі талай эфир мен шығармашылық концерттер болады. Бәрінің өз орнымен болғаны дұрыс", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055953-sabyrly-konbis-bope-altynai-zorabaeva-qyzy-kimge-uqsaitynyn-aitty/

pixel