jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Көп өзгеріс болды": Ғаділбек Жаңайдың әйелі күйеуімен қарым-қатынасы жайлы сыр шертті

    Ғаділбек Жаңай әйелімен
    Ғаділбек Жаңай әйелімен. Фото: instagram.com/gadilbek_zhanay

    Ғаділбек Жаңайдың жұбайы отбасы жайлы сыр шертті. "1001 түн" бағдарламасында әнші екеуінің қарым-қатынасында соңғы екі жылда көп өзгеріс болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Келіспей қалған кезімізде, балалардың көзінше емес, жеке түсіндіруге тырысады. Барлығы мінсіз болмайды ғой. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сондай кезде көбіне сабырға шақыратын осы кісі. Мені қалай атайтынын өзінен сұраңыз. Маған құрмет көрсетеді.

    Соңғы екі жылдықта көп өзгеріс болды. Көп өзгеріс білінеді. Бұрын өзінің дамуына мән беретін. Қазір бірге дамуға атсалысып жатырмыз. Кітаптар сыйлайды. Оны бірге талқылаймыз. Қазір балалар балабақшада. Күндіз уақытымыз бос. Сол уақытта, тамақтануға барғанда 1-2 кітап міндетті түрде жанымызда жүреді. Оны міндетті түрде талқылаймыз", - деді әншінің жұбайы Ақмаржан.

    Сонымен қатар әнші жұбайының өзіне арнаған әні көп екенін айтты.

    "Маған арнаған әні көп десем болады. Кейде тіпті ұялып, "Маған ән арнай бермеші. Басқа затқа да арнашы" деймін. Өйткені, "Тек әйеліне ән арнайды. Анасына, әкесіне арнамайды" деп әңгіме тарап жатады. Аллаға шүкір, маған арнаған көп әні бар.

    "Ханшайымым", "Адал жарыма", "Қызғанып қалдым" деген әндері бар. "Екеуіміздің" деген әлі шықпаған әні де бар", - деді әншінің әйелі.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Ғаділбек Жаңай төртінші перзенті дүниеге келгенде ғана отбасының жанында болғанын айтты.

    "Көп өзгеріс болды": Ғаділбек Жаңайдың әйелі күйеуімен қарым-қатынасы жайлы сыр шертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.