Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырсық болатын": Бүркіт пен Аиша қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Көпшілікке Бүркіт лақап есімімен танымал әнші Айбек Жансейітовтің үйлену жайлы ұсынысынан әйелі Аиша екі рет бас тартқан. "Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген өнер иесі жұбайы Аишаға бір көргеннен ғашық болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жұптың шаңырақ көтергеніне биыл 13 жыл болған.

"Менің туған күнім еді. Бір кубалық досымды мейрамханаға шақырамын. Сөйтсем, ол Аишаны ертіп әкеліпті. Ол үлкен кісі, елуден асқан еді. Өзінің оқушысы, Аишаны әкеліпті. Аишаға бір көргеннен ғашық болдым.

Күніге гүл, сыйлық беретінмін. Ноутбук бар, теледидар бар. Бұл қырсық болатын. Оған ұнамай қалса, сыйлықты лақтырамын ғой. Екі жыл артынан жүгірдім. Екі рет сақина сыйладым. Екі рет бас тартты. "Шықпасаң, шықпа" деп ренжіп, өзім шетелге кетіп қалдым. Үшіншісінде бұл кісі өзі келді ғой", - деді Бүркіт.

Ал Аиша күйеуіне бірден ғашық болмағанын айтты.

"Мен бірден ғашық болдым деп айта алмаймын. Оның қамқорлығынан кейін ғашық болдым. Бүркіт өзінің адами қасиеттерімен жүрегімді жаулады. Маған онымен араласқан ұнайтын. Себебі танымал адам болды ғой. Біз екі жыл кездестік", - деді Аиша.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055987-qyrsyq-bolatyn-burkit-pen-aisa-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/

pixel