"Күйеуіммен түсірілім кезінде таныстым": актер Аян Өтепбергеннің келіншегі өзі жайлы айтты
Жарияланған күні:
Жақында шаңырақ көтерген актер Аян Өтепбергеннің таңдауы кімге түскені белгілі болды. Өнер иесінің келіншегі желіде өзі жайлы айтып, көпшілікті қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аян Өтепбергеннің әйелі Аружан Төлепбергенова есімді стилист ару болып шықты. Ол халықтың өзіне жолдаған толассыз сұрағынан кейін, Instagram желісінде байланысқа шығуды жөн көрген.
Актердің келіншегі өзі жайлы білгісі келген көпшілікке жауап беріп, өзіне қатысты бірқатар мәліметті жария еткен.
Белгілі болғандай, Аружан Ақтөбе қаласының тумасы екен. Ол 18 жасынан бері орамал тағады. Күйеуі Аян Өтепбергенмен түсірілім кезінде танысқан.
"Жиі қойылып жатқан сұрақтарға жауап берейін. Жасым 22-де. Ақтөбе қаласының тумасымын, руым - Адай. СДУ университетінде оқыдым. Малайзияға араб тілін меңгеру үшін бардым. Орамалды 18 жасымнан бастап тағамын. Намаз оқимын. Стилист болып жұмыс істеп жатқаныма үш жыл болды. Күйеуіммен түсірілім кезінде таныстым", - деп жазды актердің жары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056014-kuieuimmen-tusirilim-kezinde-tanystym-akter-ayan-otepbergennin-kelinsegi-ozi-zaily-aitty/