Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз қызымдай көремін": Аша Матайдың анасы келініне қымбат сыйлық тарту етті (видео)

Опубликовано:

Батес Мухитденова келінімен
Батес Мухитденова келінімен. Видеодан кадр: Instagram/bs.akzhan

Белгілі тележүргізуші Аша Матайдың анасы Батес Мухитденова жақында екінші перзентін дүниеге әкелген келініне аса бағалы сыйлық тарту етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Аша Матайдың інісі мен келіні жақында ұлды болып, перзентінің "қырқынан шығару" рәсімін өткізген болатын. Отбасылық жиын кезінде Батес Мухитденова өзіне немере сыйлаған келініне алғысын айтып, аса қымбат сыйлық тарту еткен.

"Менің махаббатымның үлесі елеулі. Мен оны қатты жақсы көремін. Мен оны өз қызымдай көремін. Маған немере сыйлағаның үшін алғысым шексіз. Әрине, мен қобалжыдым. Сендер бақытты болыңдаршы. Бар қалауым осы. Жүздеріңнен күлкі кетпесін. Әркез бірге болыңдар", - деді Аша Матайдың анасы.

Бағым Мухитденова келініне 2 миллион теңге шамасында тұратын Cartier білезігін тақты. Жұлдызды отбасының келіні де ата-енесіне асқан қамқорлығы мен махаббаты үшін алғысын білдірген.

"Мен босанған кезде ата-енем сағат таңғы беске дейін қасымда болды. Ауруханада жатқанымда күнде тамақ әкеліп, барынша жағдайымды жасады. Қиын сәтте қатты уайымдады. Енді ол кезеңнен аман-есен өттік. Қамқорлықтарыңыз үшін рахмет. Мына сыйлық үшін тіптен үлкен рахмет", - деп жазды Ақжан Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056168-oz-qyzymdai-koremin-asa-mataidyn-anasy-kelinine-qymbat-syilyq-tartu-etti-video/

pixel