Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолымнан көп нәрсе келмейді": Фариза Төреәлі қандай ана екенін ашып айтты

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Жақында тұңғышын дүниеге әкелген Фариза Төрелі ана болу қандай екенін айтып, жан сырын ақтарды. Блогер ару бала тәрбиесі тақырыбын қозғап, босанғаннан кейін қандай қиындықтарға тап болғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі бүгінде қандай ана екенін Insatgram-парақшасында айтты. Блогер ару бұл тақырып аясында жаңа жазба жариялап, оқырмандарына ашыла түсті.

"Ұлы дала баласының" қарындасы бастапқыда қиналғанымен, қазіргі уақытта бәрін үйреніп келе жатқанын алға тартты.

"Осы мен қандай ана болады екенмін" деп уайымдап анама айтатын кездерім есіме түсіп кетті. Бұрын соңды балаға қарап көрмегем, қолымнан көп нәрсе келмейді, тәрбие жағы бар. Миымда мың сұрақ пен қобалжу. Ұйқы жайлы үндемей-ақ қояйын. Сонда мамам "Алла өзі ана болған адамға екі-үш есе күш беріп қояды. Бәріне қалай үлгеріп, күш қайдан келіп жатқанын байқамай қаласың" деп айтқаны бар еді. Ал қазір қалай автоматты түрде бәрін жасап, қалай үйреніп алғанымды білмеймін", - деп жазды Фариза.

Блогер арудың сөзінше, жолдасы Дархан Нортаев екеуі ата-ана болу үшін барынша көп ізденіп, білім алуға тырысқан. Алайда бала қарауды бәрібір тек іс жүзінде ғана үйрене бастаған.

"Дархан екеуіміз алдын ала жаңа туған нәрсете жайлы көп оқып ізденген едік. Ал қазір бәрін іс жүзінде жасап, үйреніп көп нәрсе біліп жатырмыз. Ұйқы қанбайды, жыласа жүрегің езіледі, іші ауырса бар амалын жасайсың, жорғалап жүгіріп кетесің. Бірақ күніге Алла қалауымен болып жатқан өзгерістерін байқап, бір күлкісін көргенде көзіңнен еріксіз бақыттан жас ағады, бәрін ұмытасың да қайта күш жинайсың. Дәл күлімдеген сәттеріне ештеңе де жетпейді екен ғой", - деп жазды ол.

Сонымен қатар жас ана өзі қатарлы келіншектерге бала күтіміне қатысты кеңесін де берді.

"Нәресте үшін дәл қазіргі кезеңде ананың жанында болу сондай үлкен рөл ойнайды. Ештеңе түсінбейді, ештеңе есінде қалмайды, ештеңе білмейді деп ойлау үлкен қателік. Жанынан шықпай, максимум жылулық, махаббат, эмоция береміз, сөйлесеміз, көп көңіл бөлеміз, қайда барсақ бірге жүреміз. Күн сайын бір қызық, әсіресе әкесі екеуміздің түрлерімізді бір адамнан көргенде тіпті қызық екен", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056216-qolymnan-kop-narse-kelmeidi-fariza-toreali-qandai-ana-ekenin-asyq-aitty/

pixel