Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кино түсіру - тек ақша табу емес": Гүлнұр Мамасарипова комедияға түспейтінін айтқан актрисаны сынға алды (фото)

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова сұхбат кезінде. Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова кино түсірудің тек ақша табу еместігін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында комедияға түспейтінін айтқан актрисаны сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Киноның отымен кіріп, күлімен шығып жүргенімізге 15 жылдай болыпты. Сонда да "пәленше едім" демеппін. Кинода ең болмаса, "шай тасып" көрмегендердің көкірегін көргенде.... Әйтеуір, бәріміз жабылып, қазақ киносын өлтіріп алмайықшы.

Бүгін бір актриса "Мен комедияға түспеймін" депті. Біз неге сондай науқаншыл халықпыз? Енді күлмейміз бе сонда? Енді тек қорқынышты кино көреміз бе?", - деп жазды.

Сонымен қатар продюсер кино түсірудің тек ақша табу еместігін айтты.

"Кино түсіру - тек ақша табу емес, жолдастар! Кино - ең алдымен үлкен бейнет. Ұтыс секілді, бейнетің ақталмайтын кездер де болады. Елдің бәрінің сұрапыл маркетингке ақшасы жоқ. Елдің бәрі "бетсіз емес". Елдің бәрі "жалған патриот" емес", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Скриншот: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Айта кетейік, Гүлнұр Мамасарипованың "Келінжан" телехикаясы көпшілік арасына кеңінен танымал. Одан бөлек өнер иесінің қоржынында "Дос-Мұқасан", "Қарлығаш ұя салғанда 2" секілді туындылары да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056325-eldin-bari-betsiz-emes-gulnur-mamasaripova-komediyaga-tuspeitinin-aitqan-aktrisany-synga-aldy-foto/

pixel