Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан қызының туған күнін ерекше атап өтті (видео)

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан қызы Диананы туған күнімен құттықтап, желіде оған ақ тілегін жолдады. Ақпарат өкілі перзентінің жаңа жасын ерекше атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram парақшасында қызына әсерлі жазба арнап, оның бойындағы асыл қасиеттерді атады.

"Қызым, сені қатты жақсы көремін. Туған күніңмен, жүрегім менің! Сен сондай еңбекқор, жауапкершілігі мол, қайсарлы қызсың. Сен өзіңе не керек екенін анық білесің. Болашақта барлығына қол жеткізесің! Сен өте өнерлі адамсың. Достықты бағалап, әркез көмек қолын созуға дайын тұратын жансың. Жақындарың үшін әрдайым уайымдап жүресің. Өмірімізде сендей жанның барына мың да бір шүкір. Сәттілік өмір бойына серігің болсын. Өмірің ғажайыпқа толы болсын", - деп жазды Динара Сәтжан.

Тележүргізуші қалың көпшілікке қызының туған күнін қалай атап өткенін де көрсетті. Ол перзентінің бардық достарын жинап, оларды ойын-сауықтыру орталығына жіберген. Ақпарат өкілі балаларға дастархан жайып, естен кетпес қызықты күн ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056357-dinara-satzan-qyzynyn-tugan-kunin-erekse-atap-otti-video/

pixel