Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреуді түзеткіміз кеп тұрады": Алтынай Жорабаева көпшіліктен қызының есімін дұрыс атауын сұрады

Опубликовано:

Певица Алтынай Жорабаева
Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Жақында бесінші перзентін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева көпшілікке өтінішін айтты. Өнер иесі халық арасында қызының есімін қате айтып жүргендер көп екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева Instagram желісінде оқырмандарымен байланысқа шығып, олардан қызының есімін дұрыс атауын сұрады.

"Неге біз біреуді түзеткіміз кеп тұрады, осы?! Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес”, – деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ әнші жолдасының қызымен қарым-қатынасы аса ерекше екенін айтты. Отағасы тіпті перзентханадан тезірек үйге қайтуға қатты асығыпты.

"Перзентханада болғанда Алишер үйге кайтуға асықты. "Неге сондай ұзақ жүріп кеттік? Тез үйге қайтайық, Амина шаршап қалды. Екеуміз кете берейік, өздерің асықпай келерсіңдер" деді”, – деп айтты Жорабаева.

Алтынай Жорабаеваның Stories-i
Алтынай Жорабаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/altynaizhorabayeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056397-bireudi-tuzetkimiz-kep-turady-altynai-zorabaeva-kopsilikten-qyzynyn-esimin-durys-atauyn-surady/

pixel