Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелінің көлігімен жүр": Әли Оқапов бейнебаян түсіру үшін өз көлігін сатып жібергенін айтты

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

Отандық танымал әнші Әли Оқапов жақын арада жанкүйрлерін жаңа бейнебаянымен қуантпақ. Өнер иесі бұл туындыға барын салғанын айтып, көпшіліктен қолдау сұрады. Әртістің әйелі Ақерке Бүркітбай күйеуі тіпті клипті жарыққа шығару үшін өз көлігін сатып жібергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасында күйеуімен түскен видеоны жариялап, отбасындағы жаңалықтарды айтты. Сөзінше, Әли Оқапов көктемде жаңа бейнебаянының тұсауын кеспек. Өнер иесі бұл үшін тіпті өз темір тұлпарын сатып жіберген екен.

Әнші қазіргі уақытта келіншегінің көлігін жүргізіп жүргенін айтты.

"Бүгін кешке бір ерекше шараға барамыз. Сол үшін мына кісі маған көйлек алып беремін деп апара жатыр Ал заңдылық бойынша әйел адамдарда әрдайым киетін киім жоқ болып қалады.

Оған қоса жақын арада Әлидің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады. Сондықтан барлықтарыңыздан үлкен қолдау күтеміз. Қаралымдарды жарып жібересіздер деген ойдамын. Күтіңіздер. Әли тіпті сол үшін көлігін де сатып жіберді. Қазір менің көлігіммен жүрміз. Екеуіміз бір көлікпен жүрміз. Сол үшін лайк басып, қаралымдарды көбейтіп жіберіңіздер", - деді Ақерке Бүркітбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056416-aielinin-koligimen-zur-ali-oqapov-beinebayan-tusiru-usin-oz-koligin-satyp-zibergenin-aitty/

pixel