Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сиыр сауып, қой бақтым": актер Дәурен Серғазин балалық шағы қалай өткенін айтты

Опубликовано:

Дәурен Серғазин
Дәурен Серғазин. Фото: instagram.com/dauren_sergazin

Отандық танымал актер Дәурен Серғазин "Время" басылымына ашыла сұхбат беріп, балалық шағын еске алды. Өнер иесі ауылда туып өскеніне еш намыстанбайтынын айтып, кішкентай кезінде басынан өткен қызықтарды ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Серғазин Теміртау қаласында дүниеге келсе де, өзін "жетісулық" санайтынын айтты.

"Өзімді жетісулықпын деп атаймын. Әкем пен аталарым Талдықорған маңындағы Қапал ауылынан. Мен Теміртауда дүниеге келдім. Сосын әкем еліне оралды. Балалық шағым, мектеп кезім сол жерде ауылда өтті. Мен ауылда өскен жігітпін. Оған еш намыстанбаймын. Бала күнімде қой бағып, анама көмектесіп, сиыр сауған кезім де болды", - деді актер.

Сонымен қатар өнер иесі өз жанұясы жайлы жан сырын ақтарды. Серғазин келіншегі мен қызын желіде неге көп көрсете бермейтінін түсіндірді.

"Менің бақытым тыныштықты қалайды. Бар болғаны сол. Бұл менің жеке өмірім, оны барынша қорғауға тырысамын. Өмірімнің бұл бөлшегін халық назарына ұсынғым келмейді. Көпшілікке көрсету жаман деуден аулақпын. Әркімнің өз таңдауы бар. Менің келіншегім үйде отырмайды. Ол мен сияқты өнер адамы, актриса. Екеуіміз бір театрда қызмет етеміз. Бар уақытты бірге өткіземіз десем де болады. Тәулік бойы бірге болған да қиын. Бірақ махаббат бар жерде бәрін еңсеруге болады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056442-siyr-sauyp-qoi-baqtym-akter-dauren-sergazin-balalyq-sagy-qalai-otkenin-aitty/

pixel