Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Валерий Меладзенің Алматыда өтетін бірнеше концерті кейінге қалдырылды

Опубликовано:

Валерий Меладзе
Валерий Меладзе. Фото:: instagram.com/meladzevalerian

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің қаңтар айына жоспарланған Алматыда өтетін бірнеше концерті ақпан айына ауыстырылды. Бұған әншінің отбасындағы жағдай себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ концертті ұйымдастырушылар жария еткен мәліметке сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі іс-шараны ұйымдастырушылардың хабарламасына сүйене отырып, концерттердің кейінге қалдырылғанын хабарлады.

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Отбасылық жағдайға байланысты Валерий Меладзенің қаңтар айына жоспарланған концерттері: 20 қаңтардан 2 ақпанға, 23 қаңтардан 4 ақпанға және 25 қаңтардан 6 ақпанға ауыстырылды.

Концерт ұйымдастырушылары мен концерт залы атынан кешірім сұраймыз. Бұрын сатып алынған барлық билет жаңа датаға жарамды болады. Билеттерді қайтару үшін билет сатқан сайт өкілдеріне хабарласу керек", - деді ұйымдастырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056558-valerii-meladzenin-almatyda-qantar-aiynda-otui-kerek-birnese-koncerti-keiinge-qaldyryldy/

pixel