"Біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі жайлы айтты
Жарияланған күні:
Осыдан біраз уақыт бұрын актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның отбасына қатысты қауесет ел арасына тарады. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында күйеуі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Өзі көп көріне бермейді. Екіншіден, жолдасым Шымкент жаққа жұмысқа кетіп еді. Содан қауесет шығып кетті. Ол - ерігіп немесе ажырата алмай отырған адамдардың әңгімесі. Ажырасқан жоқпыз. Қызым отыр ғой. Аянат үшін деп бірге өмір сүре алмаймыз. Біз бір-бірімізге керекпіз.
Ештеңе мәңгі емес. Сондықтан мен барлық нәрсеге дайынмын. Өзіме еш нәрсеге өкпелемеуге уәде бергенмін. Ол жұмыста. Мен әлеуметтік желіге "Міне, күйеуім Сарыағашта жұмыс істеп жатыр" деп салмаймын. Мен біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін. Айтса, айта берсін. Мейлі, қырық күн айтар, төрт күн айтар. Маған жұрттың әңгімесі қызық емес", - деді актриса.
"Үйде ұлдың үлкені. Алты ағайынды. Отбасында үш ұл, үш қыз. Сарыағаштың тумасы. Бірақ мектепті бітіргеннен, осы Алматы қаласында. Геодезист мамандығын бітірген", - деді өнер иесі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева енесімен қарым-қатынасы жайлы айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056696-bireuge-daleldeu-usin-omir-surmeimin-zuldyzai-duisenbieva-kuieui-zaily-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.