"Өзімнен аумайды": танымал тележүргізуші ұлды болды
Жарияланған күні:
Былтыр журналист әрі тележүргізуші Әнуарбек Жалел екінші рет отбасын құрған болатын. Ол Facebook желісіндегі парақшасында ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шүкірі көп күннен бір естелік. 21.01.2024 жылы дүние есігін Мұстафа Әнуарбекұлы ашты.
Өткен жылы осы уақытта Умра сапарында болып, қасиетті мекенде қатты тілеген дұға-тілектерім орындалды. Шүкірден басқа айтарым жоқ. Дариғам өзімнен аумайтын ұл туып берді. 2021 жыл - тоқырау, 2022 жыл - қайта өрлеу, 2023 жыл - жаңару болды", - деп жазды тележүргізуші.
Еске сала кетейік, Әнуарбек Жалел былтыр маусым айында қайта шаңырақ көтерді.
Айта кетелік, Әнуарбек Жалел 2017 жылы әріптесі Айгерім Есенәлімен көңіл қосқан болатын. Алайда бір жарым жыл бұрын екі тележурналистің жолы екіге айырылғаны анықталды. Әнуарбек Жалел мен Айгерім Есенәлінің ортақ бір қызы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056708-ozimnen-aumaidy-tanymal-telezurgizusi-uldy-boldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.