Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаралы хабар естіді": Валерий Меладзенің тойда неге көңілсіз жүргені белгілі болды

Опубликовано:

Валерий Меладзе
Валерий Меладзе. Фото:: instagram.com/meladzevalerian

Қазақстандық танымал продюсердің туған күніне арнайы ұшып келген Валерия Меладзе той кезінде не себепті көңілсіз жүргені белгілі болды. Ресейлік жұлдыз мерекелік шара басталар алдында әкесінің өмірден өткенін білген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Валерия Меладзе той басталар алдында қаралы хабар естісе де, кеш қонақтарына барынша қайғысын көрсетпеуге тырысқан. Отандық продюсер Жан Мұқанов бұл тұрғыда ресейлік әртістің асқан кәсібилігіне тәнті болған.

"Кеше Баян ханымның туған күн кешінде Валерия Меладзе өнер көрсетті. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бірақ мен қуанышты нәрсе емес, қайғылы жағдай туралы айтқым келіп тұр. Өлім мен адамның асқан кәсібилігі жайлы сөз қозғамақпын.

Сахнаға шыққанға дейін, бірнеше сағат бұрын Валерий әкесі қайтыс болғанын білді. Бұл – кез келген адам үшін орны толмас қаза. Соған қарамастан, әртіс іштегі қайғысын көрсетпей өнер көрсетті. Бұл оның асқан кәсібилігі пен өнерге деген адалдығын көрсетеді. Ол өз командасын және ең бастысы оның өнерін күткен жанкүйерлерінің көңілін қалдырмады. Тек "Чужестранец" әнін шырқағанда оның көзінен қайғы-мұңды байқап қалдым. Валерий Меладзе, сіз – өз халқыңыздың және әкеңіздің мақтан тұтар ұлысыз! Барша қазақ халқының атынан шын жүректен көңіл айтамын", – деп жазды Жан Мұқанов Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056711-qaraly-xabar-estidi-valerii-meladzenin-toida-nege-konilsiz-zurgeni-belgili-boldy/

pixel