Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллиннің қасында мың бұрала билеген ару желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин сахнаға шығып алған бейтаныс арумен
Нұрболат Абдуллин сахнаға шығып алған бейтаныс арумен. Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин өнер көрсетіп жатқан кезде қызық жағдайға тап болған. Өнер иесі ән салып жатқанда жанкүйері сахнаға шығып алып, оның қасында қоймай билеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин қызықты оқиғаның видеосын Instagram парақшасында жариялап, оның астына "Өмір деген қызық қой" деген жазба қалдырған. Бейнежазбадан бейтаныс арудың әртістің қасында мың бұрала билеп жатқанын көруге болады.

Бұл жайт әнші үшін күтпеген оқиға болғанын видеодан аңғаруға болады. Өнер иесі бойжеткенмен билеуге батпай, халықтан оған қошемет көрсетуін сұраған.

Бейтаныс арудың әрекеті желіде қызу талқыланды. Бірі оның би өнеріне тәнті болса, енді бірі оның отбасылы азаматтың қасында билегенін сынға алды.

"Ұялып қалыпсыз", "Сіздің әйеліңізге оңай емес. Осындайды көру қандай қиын", "Тамаша билейді екен. Көптеген жастарға үлгі", "Ерсілеу көрінеді екен", "Әншінің қасына шығып алғаны несі?", "Биде тұрған ештеңе жоқ. Өзіне жарасымды", "Нұрболат өзін нағыз ер азаматтай салмақты ұстапты", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056937-nurbolat-abdullinnin-qasynda-myn-burala-bilegen-aru-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel