Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыртта айтылған сөзге сенбеймін": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуінің телефонын тексермейтінін айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева мен күйеуі шаңырақ көтергенде бір-біріне уәде берген. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында жолдасының телефонын тексермейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында актриса сурет сабағына қатысып, жүректің суретін салды.

"Дәл қазір жүрегім махаббатқа толып тұр деп айта алмаймын. Маған осы жүрек керек болып тұр. Күйеуім алыста ғой. Жұмысы алыста. Жолдасым "Сенбі, жексенбі күндері кеп тұрамын ғой" дейді. Мүмкін мен бейсенбі күні еркелегім келетін шығар? Мүмкін сәрсенбі күні сөйлескім келетін шығар? Енді біраз жұмыс істейді. Сондықтан амал жоқ.

Қызым сабақта. Ешкімге сенбеймін, қарайтын адам жоқ. Баланы әбіржіткім келмейді. Өзіне ары-бері жүру жеңіл", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Сонымен қатар күйеуі екеуінің шаңырақ көтергенде бір-біріне уәде бергенін айтты.

"Біз үйленген кезде бір-бірімізге уәде бергенбіз. Бір-біріміздің мазамызды алмаймыз. Бір-бірімізге сенеміз. Телефон тексермеймін. Хабарласқанда, ар жағынан дауыс шықса, "Жарайды" деп телефонды қоя саламын. Сыртта айтылған сөзге сенбеймін. Ешқайсысына құлақ аспаймын. Өйткені, жолдасыма сенемін. Бір-ақ адам соңғы сөзді айтады. Соған ғана сенемін", - деді өнер иесі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057045-syrtta-aitylgan-sozge-senbeimin-zuldyzai-duisenbieva-kuieuinin-telefonyn-teksermeitinin-aitty/

pixel