Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Некемізді жаңарттық": Әнші Айбек Серкебаев алғаш рет отбасы туралы айтты

Опубликовано:

Айбек Серкебаев
Айбек Серкебаев. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

Қалың көпшілікке танымал "Каспий" тобының бұрынғы әншісі Айбек Серкебаев алғаш рет отбасын көрсетіп, келіншегі екеуінің қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айбек Серкебаев әйелі екеуі 12 жылдан кейін некесін қайта жаңартқанын айтты. Өнер иесі бұл қадамға баруының себебін "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында түсіндірді.

"Шаңырақ көтергенімізге 12 жыл болды. Мәһрге алтын сағат алып бер деді. Бірақ соны алып бере алмадым. Жағдай бар, бірақ қатты мән бермедім. Сол үшін алып бере алмадым. Жақында "неке жаңарту" деген сөзді естіп, зерттеп көрдім. Ерлі-зайыпты арасында түрлі ой болады екен. "Бекер тұрмысқа шығыппын, бекер алыппын" деген жаман ой келсе, неке шарты бұзылып кетеді екен. Сондай кезде жаңартып жіберген абзал. Имамдар осындай кеңес берді.

Неке жаңартқан соң, баяғы қыз бен жігіт болып жүргендегі сезім қайта оралады екен. Жақында неке жаңартып, неке сақинасын қайтадан тақтық. Мәһрді де алып бердім. Бірақ келіншегім алтын сағаттан айнып қалды. Алтын бұйымдар сұрады. Қалауын әпердік" , – деп әнші соңғы жаңалығын айтты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057061-nekemizdi-zanarttyq-ansi-aibek-serkebaev-algas-ret-otbasy-turaly-aitty/

pixel