"Сағынатын боламын": Жұлдызай Дүйсенбиева желіде жанкүйерлерімен қоштасты
Жарияланған күні:
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен қоштасты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ал сіздермен қоштасатын уақыт жетті. Сені сағынсаңыздар, теледидардан үзбей қарап отырсаңыздар болады. Парақшаны қайын ініме тапсырдым.
Мені қуанышыңызда көргіңіз келсе, қайын ініме хабарласыңыздар. Айына екі-ақ қуанышты бөлісуге дайынмын. Бәріңізді жақсы көремін. Мен де өздеріңізді сағынатын боламын", - деп жазды актриса.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.
Сонымен қатар актриса күйеуінің телефонын тексермейтінін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057194-sagynatyn-bolamyn-zuldyzai-duisenbieva-zelide-zankuierlerimen-qostasty/