Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелінің тонын киіп алған ба": Өмірқұл Айниязовтың ерекше образы қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов. Видеодан кадр: Instagram/omirkul_ainiyazov

Белгілі дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов желіде жаңа образын паш етіп, қалың көпшіліктің қызу талқысына қалды. Оқырмандар өнер иесіне қатысты екі түрлі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов Instagram парақшасында ерекше тон киіп отырған сәтінен видео жариялап, ел назарына ұсынды.

Алайда әншінің бұл образы барлығына бірдей ұнай қоймаған. Оқырмандардың бірі оның талғамының ерекшелігіне тәнті болса, енді бірі оны сынға алған.

Желі қолданушыларына өнер иесінің жер сілкінгенде осындай видео жариялағанына шүйлікті.

"Азамат атына жараспайтын қылық жасап отырсың ғой. Тонды көрсетіп мақтану мүлдем дұрыс емес", "Өте жарасымды. Осындай тон алып қою керек екен", "Недеген ерекше образ. Таңғалдырып жатырсыз", "Керемет тон екен, аязда тонбайсың", "Байқамай әйелінің тонын киіп алған ба?", "Тоныңыз керемет. Бірақ Алматыда емес, Астанада киетін тон", "Жер сілкінгенде осындай видео салғаныңыз ерсілеу екен", "Келіншегінің тоны ма", - деп жазуда көпшілік.

Халықтың қызу талқысынан кейін Айниязовтың өзі де тонына қатысты пікір білдірді.

"Әңгіме менің тоным жайлы болып кетіпті. Иә, бір достарым сыйлап еді. Мына күшігіммен әдемі жарасатын сияқты", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057267-aielinin-tonyn-kiip-algan-ba-omirqul-ainiyazovtyn-erekse-obrazy-qyzu-talqyga-tusti/

pixel