Қажылықта ұлттық киіммен жүрген Жазира Байырбекова көпшілікті таңғалдырды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Жазира Байырбекова күйеуімен бірге қажылыққа аттанды. Умра сапарында ұлттық киіммен жүрген әнші көпшілікті таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Видеодан оюланған қамзол мен кимешек киген әншіні көруге болады.
Сонымен қатар өнер иесі ұлттық стильдегі сөмке ұстаған.
Ал қажылыққа барған шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар Жазира Байырбекова киген ұлттық киімге тамсана қараған.
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне сүйсінгенін жасырмай, жарыса пікір қалдырды.
"Көз тартарлықтай әдемі", "Бақытты бол", "Қанша адам мойын бұрып, қарап жатыр. Осыдан кейін қалай кимеуге болады?", "Ұлттық киім қолжетімді болса, әр қазақ киетін еді", "Қажылыққа құлшылық етуге бардың", - деп жазды желідегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жазира Байырбекова мен жұбайы Жанболат қажылық сапарына аттанғаны белгілі болды. Жұлдызды жұп 30 жыл бұрынғы арманының орындалғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057402-qazylyqta-ulttyq-kiimmen-zurgen-zazira-baiyrbekova-kopsilikti-tangaldyrdy-video/