Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Жанболаттың ойнап айтқан сөзі 30 жылдан кейін орындалды

Опубликовано:

Жазира мен Жанболат жұлдызды жұп
Жазира мен Жанболат. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова Меккеге қажылыққа аттанды. Ерлі-зайыпты қасиетті мекенге сапарға баруды бұрыннан армандап жүрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова жолдасының осыдан 30 жыл бұрын ойнап айтқан сөзі енді шынымен орындалып жатқанын айтты.

"Ол кезде студентпіз. Қыз бен жігіт болып та жүрмейтін кезіміз. Бір күні Жанболат маған Меккеде суретке түскен шетелдік бір кісінің фотосын көрсетіп, "мынау мен ғой" деп қалжыңдады. Сол айтқаны орындалып, 30 жылдан кейін қасиетті мекенге табанымыз тиді. Үлкендердің "ойнап сөйлесең де, ойланып сөйле" деген ақылы дұрыс екен", - деп жазды Жазира Байырбекова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірген болатын. Қажылықта жүрген әнші Қазақстанда қалған балалары үшін қатты алаңдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057192-zazira-baiyrbekova-zanbolattyn-oinap-aitqan-sozi-30-zyldan-keiin-oryndaldy/

pixel