Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілеулес болыңыздаршы": Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева кеше желіде көпшілікпен қоштасқан болатын. Өнер иесі әлеуметтік желіден кетуіне денсаулығы сыр беруі себеп екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса парақшасында системада жатқан сәттің суретін бөлісті.

"Денсаулығыма байланысты уақытша деп ойлаймын. Парақшаға қайта оралармын. Маған сіздердің бата, қолдауыңыз керек. Тілеулес болыңыздаршы! Жағдайымды парақшамнан біліп тұрсаңыздар болады", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше өнер иесі желіде оқырмандарымен қоштасқан болатын.

"Сіздермен қоштасатын уақыт жетті. Сені сағынсаңыздар, теледидардан үзбей қарап отырсаңыздар болады. Бәріңізді жақсы көремін. Мен де өздеріңізді сағынатын боламын", - деп жазған еді актриса.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте Дүйсенбиева өзінің ауыр дертке ұшырағанын және оның млн-ның бірінде ғана болатынын айтты. Өнер иесі тіпті сырқатының салдарынан ұшаққа отырмауға тырысатынын да жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057411-tileules-bolynyzdarsy-zuldyzai-duisenbieva-densaulygy-syr-bergenin-aitty/

pixel