Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Қалқаман Сарин
Қалқаман Сарин. Фото: instagram.com/kalkamansarin_

Ақын Қалқаман Сарин мәдениет және ақпарат министрлігі құзырындағы геральдикалық зерттеулер орталығының басшысы қызметі тағайындалды. Бұл жайлы ақынның досы, айтыскер Серікзат Дүйсенғазы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ал ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін", - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Ол 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанды.

Белгілі ақын еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.

2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ​ ректордың кеңесшісі болып еңбек етті.

2018-2019 жылдары "Шалқар" ұлттық радиосының директоры болды.

Ал 2019 жылы ақын Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімінің басшылығына тағайындалды.

Еске сала кетейік, жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген. Ол - халықаралық "Шабыт" фестивалінің, Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы қоры сыйлығының, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Алтын қалам" әдеби сыйлығының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057473-aqyn-qalqaman-sarin-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel