"Алланың берген сыйы": төрт балалы Мирас пен Құралай 23 жыл ішінде мүлде ұрыспағанын айтты
Жарияланған күні:
Шоу-бизнес әлеміндегі жұлдызды жұптың бірі Мирас пен Құралайдың шаңырақ көтергеніне 23 жыл болған. Өнер иелері "Мархабат" бағдарламасында отау құрғалы ұрысып көрмегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біз ұрыспаймыз. Шынымен ұрыспаймыз. Анам "Үйленгендеріңе 23 жыл болды. Ұрысқандарыңды әлі көрмедім" дейді. Сөзге кеп қалған кезіміз болды. Бірақ ол біреу үшін, ортада жүргендер үшін түсінбеушілік болды.
Ал жалпы өзіміз сөзге келіп, ұрысқан кезіміз жоқ. Бірақ оны жетістік, тәрбиенің арқасы деп айта алмаймын. Алланың берген сыйы шығар", - деді Мирас
Айта кетейік, жұлдызды жұп бүгінгі таңда 4 бала тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетейік, Мирас пен Құралай осыған дейін үйленген кезде басынан өткен қызықты оқиғасын бөліскен болатын.
"Үйлену тойымыз Ақтөбе қаласында, керемет өтті. Димаштың әке-шешесі Қанат пен Света қонақ болып, ән айтты. Орал Байсеңгір есімді ақын тойымызды керемет жүргізіп шыққан. Біз 2000 жылы үйлендік. Содан бері барлық қызық пен қиыншылықта бірге келеміз. Ал тойымызды еске алып отырсақ, ыңғайсызданатын нәрселер бар екен. Тойда екеуміз де орысша әндерді көп айтыппыз. Енді екеуміз де орыс мектебінде оқыдық. Кейін консерваторияда орысша білім алдық. Соның әсері болған шығар. Қазір мен орысша сөйлегендердің өзіне қазақша жауап беремін", - деген болатын Мирас.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057667-zuldyzdy-zup-miras-pen-quralai-otau-qurgan-23-zyl-isinde-mulde-uryspaganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.