Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір қызымды жоғалттып алдым": Индира Расылхан балалары жайлы айтты

Опубликовано:

Индира Расылхан
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Отандық танымал әнші Индира Расылхан қалың көпшілікке алғаш рет балаларын көрсетіп таныстырды. Өнер иесі бір қызын жоғалтқаннан кейін дүниеге тағы екі қыз баланы әкелген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан Instagram желісінде балаларын көрсетіп, оларға әсерлі жазба арнады.

"Алланың сынағына шүкірлік айтып, бір қызымды жоғалтқаннан кейінгі Алланың берген сыйы ғой екі қыз. Көп нәрсе айтқым- ақ келіп тұр. Мені танығанымен де, менің бала- шағамды танымайсыздар ғой. Жақынырақ таныстыра кетейін. Бірінші туылған Айдина. Мінезі ашық жарқын, ақкөңіл. Ақша жаратқанды жақсы көреді. Көп қыдырғанды ұнатпайды. Өзінен ештеңе аямайды. Елдермен тез тіл табысады. Қырсықтық мінезімен күресіп келеді. Қызғаншақ адам. Ешқандай сырын жасырмайды менен. Тамақ жасауды өлтіреді", - деп бастады әнші.

Өнер иесінің айтуынша, екінші қызының мінезі мүлдем ұқсамайды. Әнші үлкеніне қарағанда кіші қызынан көбірек қорқатынын жасырмайды.

"Дарина бәрімізді бір шыбықпен айдайды. Тіпті мен қорқамын. Өте ақылды. Артық сөз жоқ, сабырлы. Көп нәрсені ойланады. Жаңа ортаға барса, бірден араласып кетуі қиынАқша үнемдегіш. Бірақ қыдырғанды жақсы көреді. мінезі ауырлау, ашуланса үндемейміз. Артынша ұмытып кетеді бәрін де. Керемет әнші. Алланың берген күшті дарыны бар. Қолынан келмейтіні жоқ. Тігеді, тоқиды, кілемшелерді күшті жасай алады. Қысқасы шебер ғой. Бірақ тамақты аса дайындай алмайды", - деп жазды Индира Расылхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057715-bir-qyzymdy-zogaltqannan-keiin-tagy-qyzdy-boldym-indira-rasylxan-kopsililikke-balalaryn-tanystyrdy/

pixel