Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен одан төмендеп кеткен жоқпын": Ұшқын Жамалбек отбасын сақтаудағы ер адамның рөлі туралы айтты

Опубликовано:

Ұшқын Жамалбек
Ұшқын Жамалбек. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

Әнші Ұшқын Жамалбек отбасы құрған алғашқы үш жылда ажырасып кете жаздаған. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында шаңырағын сақтаудағы ер адамның рөлі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші, отбасын сақтау үшін ер мен әйелдің үйлесім таба білуі маңызды екенін атап өтті.

"Қазақта "Салиқалы келін әкел" деген сөз бар ғой. Сонда келінді біз өзіміз үшін аламыз ба? Әлде үйіміз үшін аламыз ба? Отбасымызға қалай қараймыз? Бала не үшін туылады? "Адам болғасын отбасы болады, бала туылады" деген түсінік қана бар. Бауырларыма "Бірінші орында - отбасың" деп айтамын. Жан жарыңмен ортақ тақырып, үйлесім таба білу керек.

"Қыз кезінде бәрі жақсы. Жаман қатын қайдан шықты?" деген сөз бар. Ер адам бүлдіреді екен. Мен отбасының рахатын енді сезініп келе жатырмын. Қызымды өзім шомылдырамын. Шашын өзім өріп беремін. Бұрын "Ер адам қызын шомылдырады" деген сөзді естісем, қашатынмын. Мен одан төмендеп кеткен жоқпын. Керісінше, өстім. Балаларымды да өзім киіндіріп, төсегімді өзім жинаймын. Балаларды тісін жуындырып, төменге алып түсемін. Анасына "Таңғы асыңды дайындай бер" деймін. Мен қалай білім алдым, өзімді дамыттым, солай бәрі жақсы болды", - деді Ұшқын Жамалбек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұшқын Жамалбек әйелінің үйленгеннен кейін өзін 1,5 жыл бойы "аға" деп атағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057959-men-odan-tomendep-ketken-zoqpyn-usqyn-zamalbek-otbasyn-saqtaudagy-er-adamnyn-roli-turaly-aitty/

pixel