"Шаңырағымның әппақ гүлдері": Гүлзира Айдарбекова қос келіні жайлы сыр шертті (фото)
Жарияланған күні:
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы және кенже ұлының әйелдері жайлы айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында қос келінінің соңғы уақытта өзін жиі іздейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Продюсер әлеуметтік желіде қос келінімен түскен суретті жариялаған.
Сонымен қатар Айдарбекова келіндеріне себепсіз хабарласа бермейтінін де айтты.
"Негізі Нұртас балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім соңғы уақытта "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргендерін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой.
Анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын", - деп жазды продюсер.
Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың 19 жасында келін болып түскенін баяндаған болатын.
Сондай-ақ продюсер былтыр қарашада кенже ұлы Заңғарды екінші рет үйлендіріп, дүркіретіп тойын жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057964-sanyragym-appaq-gulderi-gulzira-aidarbekova-qos-kelini-zaily-syr-sertti-foto/