Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)
Жарияланған күні:
Продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Той беташармен басталды. Жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты.
Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғар мен келіні Индираның тойына өнердегі әріптестерінен Ерке Есмахан мен Раимды, Лұқпан Жолдасовты, Нұрболат Абдуллин мен Төреғали Төреәліні шақырған.
Сонымен қатар тойға шақырту алған жұлдыздар қатарында Ғани мен Бота, Әділ мен Дана, Мирас пен Құралай, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Шахизада мен Нұржан Қалжан, Әбдіжаппар Әлқожа мен тағы да басқалар бар.
Алайда әнші Ерке Есмахан жұбайымен бұл тойға келе алмаған. Мұның себебін Ерке әлеуметтік желіде көпшілікке бөлісті.
"Гүлзира ханым әулетінің тойынан бізді қалдырмайды. Сыйластығымыз берік. Менің жағдайыма байланысты түсінікпен қарады. Жолдасым да басқа қалада", - деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова бір ай бұрын Шымкент өңірімен құда болып, кенже ұлы Заңғардың сүйгеніне сырға тақты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045359-gulzira-aidarbekova-kenze-uly-zangardyn-toiyn-durkiretip-otkizdi-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.